Жоба сәтті жүзеге асуда
Қостанайда «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы аймақты даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті. Оған облыс әкімі орынбасары Ерлан Спанов, партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина мен кеңес мүшелері қатысты.
Кездесу барысында отырыс қатысушылары «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.
Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, 2019-2020 жылдары жалпы 86 мың адам тұратын 18 ауылда 145 жоба жүзеге асырылған.
– 2019 жылы 5 ауылда – Федоров, Сарыкөл, Меңдіқара, Әулиекөл және Қарасуда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді, ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Қарамеңді және Денисов ауылдарында қазандықтар салынды, Силантьев және Қамысты ауылдарындағы стадиондар қайта жаңғыртылды, Ұзынкөл және Торғай ауылдарында спорттық-сауықтыру орталықтарының құрылысы басталды, – деді Гүлбарам Мұсағазина.
Биылғы жылы 42 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 9 ауылда 25 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Осы мақсаттарға бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген.
Кеңес төрағасы Қайрат Маишев «Ауыл – Ел бесігі» жобасын өңірлерді дамыту, жұмыспен қамту мен бизнесті қолдау, суармалы жер бөлу және тұрғын үй салудағы басқа мемлекеттік бағдарламалармен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жұмыс сапасына және бюджеттік қаражаттың игерілуіне жүйелік мониторинг жүргізу мақсатында Кеңес пен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бірлескен жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды.