Тиімді тәсіл

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысында вакциналауды өткізу» тақырыбында брифинг өтті.
Оған облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова мен Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов қатысты.
Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компоненті 82 010 адамға салынған. Анжела Бексұлтанованың айтуынша, облысқа мамыр айының соңына дейін «Hayat-vax» вакцинасының 65 мың дозасы жеткізілмек.
– Биылғы 1 ақпанынан бастап, COVID-19-қа қарсы вакциналау жүргізілуде. Біздің облыста вакцинациялаудың бірінші және екінші кезеңдеріне арналған кабинеттер жұмыс істейтін 31 медициналық ұйым тартылған. Вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан бөлек, адамдар көп жиналатын орындарда – «Kostanay Рlaza» ойынсауық орталығында, «City Kostanai» бизнес-орталығында, «Емшан» сауда орталығында, «Астықжан» супермаркетінде (Абай даңғылы 1 Б), сондай-ақ, Рудный қаласында «Орталық әмбебап дүкені» сауда орталығында жеке егу кабинеттері ашылды. Вакцинациялау жыл соңына дейін жалғасады, Қостанай облысына "Спутник V", "Qaz Covid-in" вакцинасы және «Hayat-Vax»– тың 65 мыңға жуық дозасы келетіндігін атап өткім келеді. Вакцинаның сақталуын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарында шамамен 173 мың дозаны бір мезгілде сақтай алатын 104 бірлік мұздатқыш жабдығы бар, – деді Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Айдарбекқызы.
Вакцинациялауды 93 стационарлық және жылжымалы егу пункті жүргізеді. Вакцинациялау пункттерін 150-ге дейін кеңейту үшін резерв бар көрінеді.
Бүгінгі таңда облысқа барлығы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентінің 75 мың дозасы және екінші компонентінің 24,4 мың дозасы, сондай-ақ «QazVac» вакцинасының 2 мың дозасы (1 мың адамға) және «Hayat-Vax» вакцинасының 28 мың дозасы (14 мың адамға) жеткізілген.
Айта кету керек, вакцинациялауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓