«Парасатты полицей» байқауы мәресіне жетті

ҚР Ішкі істер министрлігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдас­ты­ры­латын «Парасатты полицей» респуб­ликалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 200 жуық полицей қатысты.IMG_9786
IMG_9798Осынау сайыстың полицейлер арасында Қостанай жерінде алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан олардың дайындығы тамаша болды. Бір қуанарлығы, сайыстың «нар тәуекел» деген бөлімінде түрлі сауалдарға сайыскер командалардың қай-қайсысы да дұрыс жауап берді. Бұдан олардың өз қызметтеріне шын берілген, өз кәсібінің нағыз маманы екенін ұғыну қиын болмады. Осынау конкурстың басы-қасында жүрген ОІІД бастығының орынбасары Бақытжан Ералиннің айтуынша, бұл, ең алдымен, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды көздеген, полицейлер бойындағы ізгілік пен парасаттылықты шыңдай түсуге бағытталған сайыс болды.
IMG_9756Конкурсты қорытындылаған ҚР ІІМ бірінші орынбасары, полиция генерал-IMG_9739майоры Марат Демеуов қатысушыларға да, жанкүйерлерге де алғысын айта келіп, жеңімпаздарға Ішкі істер министрлігі атынан дайындалған арнайы грамоталарды салтанатты жағдайда табыс етті. Сонымен, бірінші орын – Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің «Тараз қырандары», екінші – Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің командасы, ал үшінші орын Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің «Серт береміз» командасына бұйырды.
Бас жүлдені Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің «Тобыл тарландары» командасы жеңіп алды.
 
 
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓