Сауда-саттық жәрмеңкесі өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Шығармашылық ауыр дертті де жеңеді» атты сауда-саттық көрмесі өтті. Іс-шараға облысқа қарасты аудан, қалалардағы елуден астам мүмкіндігі шектеулі азамат қатысы.

Жәрмеңкеде мүгедектердің өз қолдарымен жасаған бұйымдар саудаға шығарылды. Оюлы көрпе, ағаштан жасалған бұйымдар және майлы бояумен салынған картиналардың алуан түрі бар. Өзіңізге ұнап жатса, мархабат. Көңіліңіз қалаған бұйымды сатып алыңыз. Саудадан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздеріне қалады.

Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай