Сенім артыңыз!
Сенім телефоны кез келген адам өмірінің қиын кезеңінде көмек алып, сұрағыңызға жауап алу үшін жасырын түрде жүгіне алатын қызмет түрі. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауын іске асыру шеңберінде азаматтық қорғау органдарында 50-36-24 сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітті.
"Сенім телефоны" жұмысының мақсаты – әртүрлі жағдайларда шұғыл көмек көрсету, кеңес беру бойынша халық пен тұрақты байланысты жүзеге асыру. Мысалы, отбасылық қолайсыздықтың, балалар мен жасөспірімдердің күйзелісті және суицидтік көңіл-күйінің алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасын нығайтуға ықпал ету.
"Сізге көмек көрсететін білікті мамандар, сенім телефонының қоңырауларына жауап береді. Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес құрылады, ақпараттың бәрі де құпия түрде, қолжетімді көмек әрі абонентке құрмет көрсете отырып, мәселесіне құлақ асады" дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
"Сенім телефоны" тәулік бойы жұмыс істейтінін ескертеміз.
А.ӘБДІЛДА.