Қыс қаһарына мінді
Өткен апта боранды күндерімен есте қалды. Ақ түтек боран үскірік аязға ұласып отыр. Жаңа апта аязбен басталды. Бір жетіге арналған күн райының болжамын білу үшін Қазгидромет" РМК Қостанай облысы бойынша филиалына хабарластық.
Біздің облысымызда таңертеңгі ауа температурасы -31 градусты көрсетті. Ауа райына байланысты екі ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті. Мұндай аяз алдағы екі күн бойы сақталмақ. "Қазгидромет" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының хабарлауынша облысымыздың басым бөлігінде ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді. Күн райының бұлай құбылуына циклон, суық арктикалық ауа массаларының келуі себеп. Аптаның алғашқы екі күні аяз болғанымен, сәрсенбіде күн жылынады. Ал, жалпы айтқанда, осы апта бойы аяз болады.
Қымбат ДОСЖАНОВА.