Агенттік ағайынның ауызын аңқайтты
Қостанайдағы «Мандарин Вип» туристік агенттігі өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы компания өкілдері өздерінің ресми сайтынан хабарлады.
Агенттіктің директоры А.Коволев тоқыраудың себебі қаржы есептеуіндегі қателіктерден және менеджменттің сауатсыздығынан екенін айтып отыр. Алайда, елден жырақ демалауға ниеттеніп отырған 30 саяхатшыға 2 ай ішінде ақшаларын қайтаруға уәде берді. Бірақ, жалпы берешек сомасын жарияламай отыр. Сайттарда хабарландыру таратып, кеңсесіне келген тұтынушыларға жағдайды мейлінше түсіндіруде екен.
Ол түйіткілді шешу үшін және сенім білдірген тапсырыс беруші жұртшылықтың қарызын өтеуі үшін өз үйін сатылымға қоймақ. Ал келешекте «Мандарин Виптің» қызметін жалғастыруы екі талай.
Кенже Қонысбай