Жүлде қоры бір миллион
Қостанай облысында жастар арасындағы ең ауқымды стартап-байқау басталды. "TAYELSIZDIK URPAGY" деп аталатын байқауға астықты аймақтың аудан, қалаларынан барлығы алпыс үш жоба келіп түскен.
Бұл байқауды жастар саясаты мәселелері жөнін-дегі облыстық басқармасы А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-мен және "Қазақстан жастар фракциясы" қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастыруда. Ауқымды жобаның ашылуы Қостанай өңірлік университетінің Smart-орталығында өтті. Ал, кеше онлайн режимде әртүрлі кездесулер мен воркшоп іс-шаралары болды. Байқаудың ресми ашылуына ұымдастырушылар қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
– Жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын, бизнестегі бастамаларын қолдау арқылы біз олардың болашағына жол ашамыз. Себебі, жастар – қозғаушы күш, елдің ертеңі, – деді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректорының міндетін атқарушы Алма Дощанова.
Қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды. Негізгі мақсат жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамаларын қолдау. Үздік шыққан бизнес-жобаларға қаржылай қолдау жасалады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге.
Суретті түсірген Арайлым САРБАСОВА.