КВИ 40 адамнан табылды

24 мамырда Қостанай облысында COVID-19-ды 40 адам жұқтырған.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 21, Рудный қ. – 5, Жітіқара қ., Әулиекөл, Денисов, Жангелді және Сарыкөл аудандарында 2 адамнан, Алтынсарин, Қарабалық, Мендықара және Б.Майлин аудандарында 1 адамнан індетке шалдыққан.  
32 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 33 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 24 мамыр аралығында COVID-19-ды 15463  адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14678.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓