Өрт өршіп тұр

Осы жылдың 19 мамырында Әулиекөл, Жангелдин, Қарабалық аудандарында аптап ыстықтың кесірінен дала өртенді.
Әулиекөл ауданында "Семиозерный орман шаруашылығы басқармасы" КММ аумағында Новонежин және Калинин орманшылықтарында жалпы ауданы 0,7 га екі учаскеде найзағай түсіп, құрғақ шөп өртенді, отты сөндіру үшін жалпы алғанда 9 бірлік техника және Семиозерный КШШ КММ жеке құрамынан 27 адам жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері өрт орнына шақырылмады. Басталған өртті дер кезінде орман шаруашылығының қызметкерлері байқап, оларды қысқа мерзімде жойды.
Жангелдин ауданы Торғай ауылынан 70 км жерде, "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында батпақты жерде қамыс өртеніп, жай түсті. Өртенген аумақ шамамен 173 га құрайды, әдетте, құрғақ қамыс тез жанады және оттың таралуына әкелуі мүмкін. Шақырту орнына ТЖД қызметкерлері – 34 адам және 7 бірлік техника жіберілді. Даладағы қатты жел отты тұтандырып, оны сөндіру едәуір қиынға түсті.
Қарабалық ауданында Байқадам орманшылығының аумағында, Талды ауылының маңында да 0,5 га алаңда дала өртеніп, жалын 23: 30-да оқшауланды.
Қостанай облысының ТЖД орманды дала аймағында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. ТЖ болған жағдайда "101"немесе "112" қызметіне қоңырау шалыңыз.
А.ӘБДІЛДА.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓