Пайдалы кеңес

** **
Баланы төрт жасқа дейін моншаның буына кіргізуге болмайды. Дегенмен, алдын-ала балалар дәрігерімен ақылдасқан артық емес. Бала парда (50-60 градус) 3-4 минуттай ғана отырса жеткілікті.
** **
Кей баланың тырнағын кеміретін әдеті бар. Бұл көрініс баланың нерв жүйесінің кемістігін байқатады. Екіншіден, тырнақ астына жиналған микроб ішке түскенде ауру қоздырады. Сондықтан баланың мұндай әдетін қойғызуға, дәрігерге қаратуға тырысу қажет.
** **
Жастықсыз не жастықпен ұйықтау әркімнің әдетіне байланысты. Үйренген адамның дұрыс ұйықтауына екеуі де кедергі келтірмейді. Тек жүрек қан тамырлары дімкес және демікпесі бар адамға жастықсыз ұйықтау қауіпті екенін ескерген жөн.
** **
Әдетте, түйір дәріні шаймен, қайнаған сумен ғана ішу керек. Кей дәрінің қағазында сүтпен не кисельмен ішу қажеттігі арнайы көрсетіледі. Оны бұлжытпай орындаған жөн.
** **
Тамақ қызарып ауырғанда бір стакан қайнатылған жылы суға бір шай қасық ас содасын қосып әбден араластырады. Дайын ерітіндіні ұрттап, тамақты әр жарты сағат сайын қайталап шайқайды.
** **
Қан қысымы жоғары қарт адамдарға және бауыры, бүйрек, басқа да ішкі органдары ауыратындарға күшті сорпа ішуді дәрігерлер қоспайды. Сондықтан етті бір қайнатып, алғашқы сорпаны төгіп жаңалағанда экстрактивтік заттар азайып, сырқат адамдарға ішу жеңіл болады.
** **
Ұйып қалған сүтті төге салмай ақ ірімшік жасаған жөн. Оны қайнай бастаған кезде тоқтатып, сары суынан сүзіп алады. Осы сары судың құрамы белок пен минералды тұзға бай. Әсіресе, бауыры ауыратындарға өте пайдалы. Сары суды сол күйінде ішпегеннің өзінде қамыр илегенде пайдалану қажет.
Халық емдерінен

Қанның аздығы. Кәдімгі шетенің жидектерінен 2 шәй қасығын алып, үстіне 2 стақан су құйыңыз. Жарты сағат баяу отта қайнатыңыз. Суытып алыңыз. Күніне 3 рет 3/4 стаканнан қабылдаңыз. Дәмін тәттілету үшін бал қосуға болады.
СҮЙЕЛ. Қара қарақаттың жидектерін сүтте қайнатып алыңыз да, сүйегін алып тастап, сүйелге жабыстырыңыз. Жидектері суығанда, оларды ыстығына ауыстырыңыз.
БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІҢІЗ СОЗЫЛҒАНДА. Сарымсақтың 4-5 тістерін майдалып, оған 2 стақан алма сірке суын қосыңыз және 0,5 л арақ құйыңыз. Жақсылап араластырып, 2 аптаға қараңғы және салқын жерге қойыңыз. Бұл массасы күніне бірнеше рет шайқап тұру керек. Қоспаны сүзіп алып, оған 1 шәй қасық эвкалипт майын қосыңыз. Ауырған жерлеріңізді күніне 2 рет ысқылаңыз.
ОСТЕОХОНДРОЗ. Жарты кесек кір сабынды үккіште үгіп алып, оған орам жапырақтың жапырағын салыңыз. Лейко-пластырьмен арқа омыртқа-ңызға немесе ауырып тұрған буыныңызға жапсырыңыз. Жақсылап орап, жылытып, түні бойы ұстаңыз.
АЯҒЫҢЫЗ ТАРТЫЛЫП ҚАЛСА. Таңертен және кешке жаңадан жасалған лимонның шырынымен өкшеңізді ысқылаңыз. Содан соң жүрмеңіз де, аяқ киім кимеңіз. Емделу курсы 2 апта.
ШИҚАН. Қайың қабығының сыртқы қабығына қайнақ су құйып жіберіп, шиқанға жапсырыңыз. Бетіне дәке байлаңыз. Бұл орамды күнде таңертең және кешке ауыстырып отырыңыз.
Тұмаудың алдын алу:

Суық тию адам тоң-ғаннан немесе үсті су болғаннан болады деген пікір қалыптасқан, бірақ тұмау вирус шығаратын аурумен ауырған басқа адамдардан жұғады;
Тұмауды басқа адамға жұқтырмау үшін науқас адам басқа адамдардан бөлек тамақ ішіп, бөлек ұйықтауы керек, әсіресе емізулі баладан өзін аулақ ұстағаны жөн. Ол жөтелгенде және түшкіргенде мұрыны мен ауызын қол орамалмен жабуы керек.
Тұмауды емдеудің халық емі
1. Қара қарақаттан жасалған тағамдарды (тоспа, қайнатпа), тұндырманы ыстық сумен және бал қосып, күніне 4 стаканнан ішу керек.
2. Таңқурай (малина). Таңқурайды кез келген түрінде ыстық сумен және бал қосып, күніне 4 стаканнан ішу керек.
3. Таңқурайдың құрғақ же-містеріне 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, 20 минут тұндырады. Тұндырманы ыстықтай күніне 2 рет ішу керек.
4. Таңқурай мен жөке (липа) ағашының жапырақтарын бірдей мөлшерде алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған су құйып, 20 минут тұндырады да, сүзіп алады. Түнде жатарда осы тұндырманы ыстықтай 1 стаканнан ішу керек.
5. Таңқурай жемістерін және гүлдерін, өгей-шөп (мать-и мачеха) жапырақтарын – 2 бөлік, жұпаргүл (душица) шөбін – 1 бөлік етіп, қоспа дайындау керек. Осы қоспаның 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып, сүзіп алу керек.
Тұндырманы жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішу керек.
6. Мынадай қоспа дайындау керек: Таңқурай жемісі – 1 бөлік, өгейшөп – 2 бөлік, жұпаргүл шөбі – 2 бөлік, таңқурай жапырағы – 2 бөлік.
Осы қоспаның 1 ас қасығын 2 стакан қайнаған суға демдеп, 5-10 минут қайнатып, сүзіп алу керек. Тұндырманы жарты стаканнан күніне 3-4 рет тамақ ішер алдында ыстықтай ішу керек.