Балаға абай болайық
Бұрын үйлерге өте қиын ашылатын ағаш терезелер қойылатын. Арнайы желкөздердің көмегімен желдетілетін, оларға балалар жете алмайтын. Ал қазіргі заманауи терезелер ешқандай күш салмай-ақ ашыла салады. Маса торы тіптен бос тұрған дүние. Бала оған сүйенуге болады деп сенеді, бірақ москит торы оның салмағын көтере алмайды. Сонымен қатар, егер терезенің жанында тумбочка немесе орындық болса, онда бала оп-оңай аша алады. Өміріне қауіп төнеді. Балаларда қорқыныш сезімі жоқ, сондықтан ата-аналар бір минутқа көзден таса қылмауды ойлағаны жөн.
Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі (80% оқиға). Барлық құлаудың жартысы терезенің жанында тұрған жиһазбен және ересектердің немқұрайлы қарауынан болып жатады. Сондықтан ата-ана мынадай бірнеше қарапайым қағидаларды естен шығармағаны жөн деп ескертеді Қостанай облысының ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі:
• Терезе 12,5 см астамға ашылса;
• Барлық терезелерде арнайы құлақшалар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдері жабық терезе режимінде ғана емес, "желдету" режимінде де жұмыс істейді.
• Терезе маңында балалармен ойнамаңыз. Көлік, жаяу жүргіншілерді және т.б. көрсету үшін оларды терезеге қоймаңыз.
• Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз әрі москит торына сенбеңіз.
• Жалюзи жіптері мен шынжырлары салбырап тұрмауы тиіс, олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
• Қылтиманы әйнектеу керек.
• Балаларды тіпті аз уақытқа қараусыз қалдырмаңыздар.