Гектарлап жер алуға тыйым салынады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Қазақстан азаматының иелігінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің шекті мерзімі бекітілгенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Биыл 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін пайдаланудың шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдаған. Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін — 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген, — дейді Әбілхайыр Тамабек.
Ал осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізілетін болды. Сондай-ақ ол жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғаспақ.