Басшы марапатталды
Жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында біздің ведомствоның бұрынғы басшысы Мұса Танабаев облыстың төтенше жағдайларының алдын алуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аталған департаменттің бастығы Талғат Кәкімов Мұса Тұрманұлының өзін шебер ұйымдастырушы әрі тәжірибелі басшы ретінде көрсеткенін, істеген ісіне адал, талап қоя білетін, сондай-ақ жоғары кәсіби қабілетімен ерекшеленгенін айтты.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.