Жоғалған балықшы табылды
Өңірдің полицейлері Тоғызақ өзені бойында хабар-ошарсыз кеткен балықшыны аман-есен тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Балықшы тек масаға қатты таланған екен.
«58 жастағы жергілікті тұрғынның жоғалып кетуі 22 мамырда белгілі болды. Бұл жөнінде Қарабалық ауданының полиция бөліміне жоғалған адамның азаматтық жұбайы Татьяна жүгінді. Ол ер адамның балық аулауға кетіп, хабарсыз кеткенін айтты. Оның орналасқан жері туралы бір күннен артық ақпарат болған жоқ. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеді. Балықшыны іздеуге жедел іздестіру тобы жұмылдырылды, қайықтар мен арнайы автомашиналар пайдаланылды. Нәтижесінде үш сағат ішінде ер адам табылды. Сөйтсе, ол қалың қамыс арасында қармақ салып отырған», – делінген хабарламада.
Қопа арасында жүрген ер адам бағдарын жоғалтып, жағалауды таппай қалған. Табылған азамат ауруханаға жеткізілгенмен, оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Татьяна азаматтық күйеуі Александрды іздеу барысында жедел әрекет еткені үшін жедел уәкіл Нұрлыбек Қизатов, Азамат Бикенов және учаскелік полиция инспекторы Жанат Сәтбаевқа алғыс білдірді.