Облыс әкімінің құттықтауы

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады."Қадірлі мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен ыстық ықыласыммен құттықтаймын! Өнердің сара жолын таңдап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген театрлар мен филармония әртістері, кітапханалар мен музей мамандары, клубтық мекемелер қызметкерлері, шығармашылық одақтар өкілдері – ақын-жазушылар, композиторлар, суретшілер мен қолөнершілерге деген құрметіміз шексіз. Бұл күні біздің облысымыздың мәдени құрылысына қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін, қоғамға қызмет етуге берілген күш-жігерлеріңіз, шеберліктеріңіз, дарындарыңыз үшін шексіз құрмет пен терең ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Барша мәдениет қызметкеріне қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізе беруге тілектестік білдіремін. Жекелеген жасампаз жетістіктер арқылы еліміздің даңқын асыра береді деп сенемін!", – деп жазды аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓