АРДАГЕРЛЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Қар еріп, күннің жылынысымен қала көшелерінде көктемгі тазалық пен көріктендіру жұмыстары басталып кетті. Барлық еңбек ұжымдарын қамтыған сенбіліктерге ардагерлер де бір кісідей атсалысып отыр.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қағиданы ұстанған қариялар «жасымыз келді немесе денсаулығымыз жарамайды» деп үйде қол қусырып отыра алмады. Қайта жастарға үлгі болып, өнеге көрсетуді жөн санады. Бір жағынан таза ауа жұтып, еңбекке араласу денсаулыққа пайдасы мол. Бұл жолы ардагерлерге үлестірілген учаске Иван Франко көшесі болды. subbotnik_rudny_1Онда тарихи-өлкетану мұражайы, ҰОС мен Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіштер аллеясы орналасқаны белгілі. Екі жүзге жуық ардагермен қатар көлік және құрылыс колледжі мен №19 қазақ орта мектебінің оқушылары да қолдарына күрек-кетпенін ұстады. Учаскені қыс мезгілінен кейінгі қоқыс-қалдықтардан тазартып, ағаштарды түптеді. subbotnik_rudny_2Сенбілік жұмыстарының бел ортасынан табылған Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Брезговинның жасына қарамастан қимылы ширақ, көңіл-күйі көтеріңкі.
– Сенбілікке шығып, шаһардың гүлденуіне үлес қосу баршамызға ортақ іс деп білемін. Сондықтан алдағы уақыттағы осындай тазалық акцияларына тұрғындар бар ықылас-ниетімен қатысса «нұр үстіне нұр болар еді», – дейді ол.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓