Жаңа айдарда жолыққанша!

"QOSTANAI TANY" жаңа жобаның тұсауын кеспек. Газеттің "Инстаграм" желісіндегі парақшасында "ONLINE SUKHBAT" айдары жұмысын бастайды. Тікелей эфирде тұрақты түрде белгілі тұлғалармен, айтары бар азаматтармен сұқбаттар ұйымдастырылады.
Жаңа жобаның алғашқы қонағы өңірге танымал қаламы жүйрік журналист, спорт комментаторы, көптеген республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты Айбек ИБРАЕВ болмақ. Жүргізушісі – Аякөз Бейбітқызы. Шымылдық ашар сұқбат 21 мамырда сағат 20:00-де басталады.   
Құрметті оқырмандар, тікелей эфир қонағына сұрақтарыңызды жолдай аласыздар. Сіздерді @qostanai_tany @qostanai_tany аккаунтында күтеміз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓