«Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін айтайын…»

Изображение 2 160Қостанай қаласының әкімі А. Ахметжанов   пән олимпиадасы мен шығармашылық байқауларда, спорттық жарыста үздік нәтиже көрсеткен қала мектептерінің жүзге тарта  9-11 сынып оқушыларына Жаңа жылдық бал мерекесін ұйымдастырды.
-Сіздер тәуелсіздік жылдарында дүниеге келгенсіздер. Сондықтан да еліміздің ертеңіне, келешегіне  деген жауапкершілік сіздерге жүктеледі.  Жылдан жылға жетістіктеріңіз ұлғая түсері сөзсіз. Бүгінде сол  жетістіктеріңізге ата-аналарыңыз, ұстаздарыңыз, достарыңыз қуануда. Мерейлерің әрқашанда үстем болсын,-деді өзінің құттықтау сөзінде қала әкімі.Изображение 2 168
 Осындай мереке  екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ең үздік деген он жас бойжеткен мен бозбала  «Үміт» мүсіншелерімен марапатталды.  Олардың қатарында гір көтеру бойынша  спорт шеберлігіне кандидат М. Хряпков, «Алтын белгіге» үміткер Ә. Ищанова,  пән олимпиадасының жүлдегері С. Бобкова,  С.Жаркебаева және тағы басқалар бар. Салтанат барысында «Карнавал» би ансамбьлінің бишілері әсем билерін биледі. Аяз ата мен Ақшақар қыз да болды. 
 
 
 
 
 
 
 
1
Аяз ата мен Ақшақар
2
Қала әкімінің марапаттау сәтінен
3
Мерекелік ән шашу
4
Қазақтың биі қазына
6
Музыка құдіреті
7
Таңқалдырар өнер иесі
 
Гүлназым Сағитова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай


 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓