Тіл түрлі, тілек бір

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, толеранттылық пен ұлтаралық келісім мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Достық ағашы» жобасы басталды.
Қостанай облысы аумағында тұрып жатқан ұлттардың мәдениетаралық диалогына арналған жобаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар әр ұлт тілінде тілектерін білдірді және ағаш бұтағын ұлттық кәдесыйларымен безендірді. Бұл біздің татулығымызды білдіреді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓