Көрермен ықыласына бөленген

Ілияс Омаров театрында "Мәриям, Ілияс" спектаклінің кезекті қойылымы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахарбану Есенғұлованың мерейтойына арналды. Мерейтой иесіне арнайы жолданған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтау хаттарын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов тапсырып, игі тілектерін жеткізді.
«Мерейтой иесі Арқалық, Жезқазған, Орал театрларының қазығын қағысып, негізін қалауға өлшеусіз үлес қосқан. Бүгінде өзі іргесін қаласқан Қостанай қазақ театрының Анасы ретінде ұжымның ғана емес, күллі театр сүйер көрерменнің ықыласына бөленіп отыр. Жан жары Қайыпберген ағамен бірге өнердің киесін қорғап, кейінгі толқын ізбасарларына жөн көрсетіп келеді. Лайым, қазына кеуде қарияларымыз аман-есен ортамызда жүре берсін» деп лебізін білдірді басқарма басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓