Музей түні қызықты

18 мамыр – халықаралық музей күні. Жыл сайын халықаралық музей кеңесінің консультативтік комитеті (ИКОМ) бұл мерекеге жаңа ұран ұсынады. Биылғы жылдың тақырыбы «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» – пандемиялық шектеулер кезінде зардап шеккен музей мекемелерін қалпына келтіру және оларды заманауи технологияларды белсенді қолдану арқылы дамыту қажеттілігін білдіреді. Әлемнің музейлері барлық шектеулерді жоятын, өз коллекциялары мен экспозицияларын онлайн режимінде порталдарда және әлеуметтік желілерде ұсынатын сандық форматтарды сәтті игеруде.
Дәстүрлі Халықаралық музей күні әлемнің 150 елінде музейге әдеттен тыс уақытта және ерекше жағдайларда келуге мүмкіндік беретін «Музей түні» мәдени-білім беру акциясымен өткізіледі.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі де бұл шарадан тыс қалмады. Келушілерін қызықты музей көрмелері мен шеберлік сағаттары, креативті квестер мен перфоманстар күтті. «Арт-квартал» шеберханасында кәсіби суретшілер әрбір музейге келушілерді нағыз суретші ретінде ашып, портреттер мен өздерінің шедеврлерін жасап шығаруға көмектеседі. Барлық қызығушылық танытатындар қуыршақтар театрының ғажайып әлеміне кіріп, тек көрермен ретінде емес, сонымен қатар өздерін актер және қуыршақ ойнатушы әртіс рөлінде сомдай алады.
Түнгі музей экспозициясы арасында: Г.М.Соковтың музейге сыйға берілген туындыларынан «Тұлға және уақыт» атты көркемсурет көрмесі; ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қостанай облысының құрылғанына 85 жылдығына арналған фотомарафон қорытындысы бойынша «Туған өлке өмірінен бір күн» фотосуреттер көрмесі; Қазақ-француз орталығының Ойыншықтар музейінің бірегей жәдігерлер көрмесі; «Қостанай көгіндегі құбылыстары» фотокөрмесі; «Өсімдіктер патшалығында» атты сәндік бөлме гүлдерінің көрме-жәрмеңкесі. Музейде 5000 жыл бұрын тарихта алғаш Ежелгі Мысырда танымал болған «Сенет» үстел ойынының тұсаукесері өтеді.
Импровизацияланған түсіру алаңында өзіне сенімді жастар журналист рөліне еніп, түнгі музейде болып жатқан оқиғалардан репортаж бере алды. Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде әсерлі әнби бағдарламалары, музейдің ішкі көрінісінде және фотоаймақтардағы селфи, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері және шеберлік-сағаттары, алау басындағы әндер, музей «буфетінде» шай іше алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓