Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
Полиция департаменті білім беру мекемелерінде тексеруді бастады. Ішкі істер министрі полиция департаменттеріне барлық білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен, күзет дабылы және физикалық күзетпен жарақтандыруды тексеруді тапсырды. Біздің өңірде мұндай тексерулер 14 мамырдан басталды. Ювеналды полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен арнайы топтар құрылды. 14-17 мамыр аралығында облыстың 489 жалпы білім беретін мектебі тексерілді, онда 108 мыңнан астам оқушы оқиды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыс мектептерінде 8939 бейнебақылау камерасы орнатылған, бұл 100%-ды құрайды. Сондай-ақ, 80-нен астам дабыл түймелері бар. Қостанай қаласының бір мектебі арнайы күзетті пайдаланады, сондай-ақ мамандандырылған күзет қызметтерін Лисаков қаласының 6 мектебі және Жітіқара қаласының 8 мектебі пайдаланады. Тексерулер жалғасуда.
Айта кету керек, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектепте қылмыскер оқ жаудырып, адамдар құрбан болды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты еліміздегі ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.