Алтын ұя мектебім – жүрегімнің төрінде
Жыл артынан жыл өтер, ай артынан ай өтер, ал, мектеп қабырғасында өткен күндерің еш уақытта естен кетпей, мәңгі жадыңда жатталып қалары сөзсіз. Сыңғырлаған қоңырау үнін естігенде жүрегің шымырлап әрі қуанып, әрі толғанып, әрі мұңайып қаларың ақиқат.
Міне, сондай естелік кездесу облыс орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болып өтті. Шуағы мол кездесуге сонау 1954 жылы және 1964 жылдары осы Ұлы Ұстаз атындағы мектепті бітірген түлектер келді. Кеше олардың әрқайсысы жасындай бозбала мен бойжеткен болса, бүгінде ақжаулықты әжелер, апалар мен сыйлы да абыройлы аталар, ағалар. Еліміздің бір кірпіші болып қа-ланған ардагерлер, қоғам мен мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен әртүрлі сала мамандары. Кездесуге жиналған ағайлар мен апайлар бір-бірімен әзілдесіп, мектеп күндеріндегі небір оқиғаларын айтып арқа-жарқа болып жатқаны. Кездесу барысында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Г.Қарпықова жылы лебізін білдіріп, ағайлар мен апайларымызға рахметін айта келіп, мектепті биылғы бітіріп отырған түлектер ҰБТ-да ең үздік нәтижелерге жетіп, облыс бойынша бірінші орынға шықса, республика бойынша ең үздік 10 мектептің қатарына енгенін, бес "Алтын белгі" иегері бар екенін, отызға жуық түлек бес пәнді тек "5" деген бағаға тапсыр-ғандарын, ұстаздар да, осы мектепте білім алып жатқан бар оқушы Ыбырай атамыздың есі-мін абыроймен көтеріп келе жатқандығын жеткізді. Сол секілді кездесу аясында 1954, 1964 жыл-ғы түлектер атынан есімдері елімізге, облысымызға белгілі Т.Жұ-масұлтанов, Б.Көпеш. Ж.Отар-баев сынды ағаларымыз сөйледі. Тебірене тілектерін, естеліктерін айтты.
Мектептің қалыптасу тарихына орай тағылымды ой тастар деректер келтіре отырып, шолу жасады, күні кеше ғана өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өткен мемлекет және қоғам қайраткері Шәңгерей Жәнібеков ағамыз да кездесуге келгендерге "неге Қостанай өңірінде Ыбырай атамызға лайықты, еңселі ескерткіш жоқ" деп өз сәлемін жолдаған екен, оны да жеткізді. Кездесуге келген кешегі күні түлек атанған, бүгінде ардақты ағаларымыз бен апаларымызға арнап мектептің оқушылары болса өздерінің өнерлерін сыйлады, ән айтты, би биледі. Ресми кездесуден соң ағаларымыз бен апаларымыз өздеріне арналып жайылған дастарқаннан дәм татты, содан кейін Ыбырай атымыздың мұражайында болды, атамыздың кесенесіне барды.
Гүлназым САҒИТОВА
СУРЕТТЕРДЕ: кездесуден көріністер.