Зағип азамат кәсіп ашты

Қостанайда  екі көзі нашар көретін мүгедек қалдықтардан тактильді тротуар плиталарын жасап шығарды. Андрей Зелевский үш жылдан бері қалдықтарды өңдеумен айналысады. Биыл зағип кәсіпкер ісін одан әрі дамытып, шикізаттан құм-полимер плиткаларын өндіруді бастады. Осыдан төрт жыл бұрын ол  2017 облыстық  кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бастау Бизнес» курсына жазылған еді. Ондағы  мамандар мүмкіндігі шектеулі жанның бастамасын өміршең жобаға айналдыруға жәрдесдесті. Идеяны іске асыру үшін кәсіпкер  мемлекеттен  4,7 млн теңге көлемінде грант алды.
«Ай сайын пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық химия ыдыстарынан екі тонна полимерлі үгінді шығарамын. Қазір мен жаңа бағытты – құм-полимерлі плиткалар өндірісін ашып жатырмын. Көрінген жерде шашылып жатқан қоқыс та жарата білсең кәдеге асады. Мәселен, одан тактильді тротуар плиткасын жасауға  болады. Менің екі көзім де нашар көреді.  Сондықтан, оның  қаншалықты қажет және маңызды екенін жақсы білемін»,  – дейді Андрей Зелевский. Әзірге, цехта  екі адам жұмыс істейді.  Алдағы уақытта кәсіпкер  тағы бір мүгедек кісіні жұмысқа шақырмақ. Оның әлі де көптеген идеясы бар. Қазір фосфордың арқасында күндіз бойына жарық жинап, түнде сәуле шашатын төсемтастар шығаруды ойластырып жүр.
Әлібек Ыбырай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓