Ескерткіш тақта орнатылды

Әулиекөл кентінің өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау ардагері, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Қайырбек Қабиевтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Мемориалдың ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, ТЖ департаментінің, өртке қарсы қызметтің басшылары, ардагердің туыстары мен ауылдастары қатысты.
Жиында аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Қойшыбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол ардагердің даңқты еңбек жолы туралы айтып берді.
«Қайырбек Қабиев өзіне жүктелген міндеттерді орындауға үлкен жауапкершілікпен қарады, қайырымды қызметкер, кәсіби және сауатты маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды. Ол әрқашан қиын уақытта көмекке келуге дайын болды», – деді ол.
Қайырбек Қабиев – Әулиекөл ауданының тумасы. Еңбек жолын өрт күзетінің инспекторлығынан бастап, 1962 жылы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің бастығына дейін көтерілді. Кейін Әулиекөл ауданының өрт сөндіру бөлімінің бастығы болды. Ол ТЖ органдары жүйесінің дамуына зор үлес қосты және мінсіз қызметі үшін медальдармен марапатталды. Әулиекөл, Құсмұрын және Аманқарағай ауданында үш өрт сөндіру бөлімін салды. Еңбек еткен жылдары КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ТЖМ құрметті ардагері, КСРО ІІМ өрт күзетінің үздігі, І, ІІ, ІІІ дәрежелі орденнің иегері атанды.
Мемориалды тақтаны ашу құрметі аудан әкімі Ерлан Теменов пен Қостанай облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Мельниковқа бұйырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓