«Мектепке жол»
Міне, осындай атпен облысымызда әдеттегідей жаңа оқу жылы қарсаңында 2016 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қайырымдылық шарасы бастау алады. Биылғы акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпекші. Осы шараның мақсаты – көп балалы, тұрмысы жағынан аз қамтылған отбасының оқушы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға жаңа оқу жылы басында нақты көмек көрсету сол секілді балалардың әлеуметтік жағдаймен мектепке келмеу себептерін ескерту. Облыстық білім басқармасы облыс тұрғындарын, бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді, түрлі нысандағы кәсіпорын басшыларын, қоғамдық бірлестік пен қиын жағдайға тап болған балаларға қол ұшын созатын азаматтарды акцияға бей-жай қарамай, қолдау, көмек көрсетуге шақырады.
Жаңа оқу жылы қарсаңында осы материалдық қолдау барлық мұтаж жандарға зор көмек болары сөзсіз. Көмектің қай түрі мейлі мектеп құралдары я киім-кешек болмаса кеңсе тауарлары, азық-түлік басқа да оқушы бұйымдары болмасын оқушы балаларды жаңа оқу жылына даярлауға көмек болады.
Ақция өткізу немесе балаларға көмек көрсету жөніндегі барлық сұрақтар бойынша Сіздер облыстық білім басқармасына сенбі және жексенбі күнінен басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына телефонға: 8-7142-575-317 хабарласа аласыздар.
Гүлназым САҒИТОВА