«Екі ел, екі тағдыр және бір мақсат»

«Екі ел, екі тағдыр және бір мақсат» айдарымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі облыстық Достық үйінде ұйымдастырылды.IMG_2126Ішкі саясат басқармасының бастамасымен қолға алынған интеллектуалды қонақ жайға облысымыздың бетке ұстар азаматтары, БАҚ өкілдері жиналды. Іс-шараны жүргізу тізгінін өз қолына алған  ішкі саясат басқармасының басшысы, Жанділдә Мақанов көршілес екі елдің тағдыры тоғысқан туындының оқырман арасында оң пікір тудырып отырғанын жеткізді.   IMG_2130
Туындының әсіресе, саясаттанушылардың қызығушылығын оятқанын айта кеткен абзал. Алматыдан арнайы келген белгілі саясаттанушы Андрей Чебатырев осы кітаптан екі ел басшыларының өзгеше қырларын аңғарғанын айтады. «Біздің Елбасымыз көпті көрген ерекше тұлға. Ол кісі елімізге қатысты мәселені байыппен, үлкен саясаткерлікпен, ың-шыңсыз шешуге тырысады.IMG_2137 Ал, көршілеріміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлынан анағұрлым жас. Албырттыққа бой алдырып, батыстың көз қырына жиі ілігіп жүр. Осыған қарамастан, ол да өз елінің мүддесін қорғап келе жатыр. Мінездері әр түрлі жандардың бір бағытта қалай жұмыс істеп жатқанына таңым бар. Кітаптан осыған жауап алуға болады» – дейді ол. 
Ал, облыс әкімінің кеңесшісі Сергей Жалыбиннің айтуына қарағанда, мұндағы сандардан құралған фактілерді дәйек ретінде пайдалануға болады. Белгілі қоғам қайраткері Қалқаман Жақып  екі саясаткер турасындағы туындының қазіргі қоғамда өте қажетті екенін баса назарға алды. «Туындының тамаша тұстары өте көп. Екі ғасырдың тоғысқан тұсында екі мемлекеттің екі түрлі басшысы экономиканы көтеруді қолға алады. Екі тұлғаның да діттегені бір – бірлесе отырып, өз мемлекеттерінің еңсесін тіктеу. Автор осының барлығын да керемет ұштастыра білген» – деген пікірін білдірді Қ.Жақып. 
Туындының авторы «Костанайские новости» басылымының бас редакторы Сергей Харченконың қолына қалам алуына  екі елдің ерте бастан қалыптасқан байланысы мен қазіргі қарым-қатынасы түрткі болыпты. Бұл кітапта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының халықаралық байланысы, интеграция салалары мен тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы айтылады. Сондай-ақ, екі елдің қазіргі байланысы,  болашақтағы қарым-қатынасы бағамдалған. IMG_2160Автор күшіне мінген Кедендік Одақты құру кезеңіндегі Қазақстан мен Ресей басшыларының психологиялық көзқарастарын, болашаққа деген сенімдері мен іс-әрекеттерін назарға алған. Үш елдің басын біріктірген Еуразиялық Экономикалық Одақтың болашағы қандай болмақ? Интеграциялық жүйеде жұмыс істеуге кіріскен заманда еліміздің егемендігін қалай мығымдауға болады? Міне, осы мәселелерге жауап іздепті.IMG_2146Автордың мұның барлығын  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің ой толғамдары, БАҚ берген сұхбаттары мен сөйлеген сөздерінен түйіндеуге тырысқаны аңғарылады. 
 
Жұматай Кәкімжанов
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓