Науқан қызған шақ
Қостанай облысында егіс науқаны басталып кетті. Биыл өңірде 4,8 млн га алқапқа дән себіледі, оның ішінде 3,9 млн гектарға дәнді және бұршақты дақылдар егілмек.
Егіс науқанына аймақтағы барлық аудандар әзір. Жангелдин, Сарыкөл, Ұзынкөл, Меңдіқара және Әулиекөл аудандарында алқапта жұмыстың қызғанына бір аптадан асып барады. Алдын ала болжам бойынша тұқым маусым айының басына қарай себіліп бітуі керек. Кейбір бұршақ дақылдары мамыр айының соңында себіледі, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің маманы Кенже Жұмандықов.
Қазір диқандар әртараптандыруға ден қойып келеді. Дәнді дақылдар алқабы 120-150 мың гектарға қысқарған, ал майлы, жемшөп және бұршақ дақылдары егісіктері ұлғайды. Бұл шешім өңірде мал өсіру үшін жемшөп қорын молайтуға және майлы дақылдарға сұраныс артуына байланысты.