Он айдағы оңды істер

Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов әкімдік отырысын өткізіп, жиында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын осы жылдың он айындағы іске асыру жұмыстарын қорытындылады.Облыс әкімінің мәліметінше, биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл шамамен 4 мың пәтерге тең. Өңірлер бойынша біздің облыс тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республика көлемінде 3-ші орында тұр.Аймақ басшысы ауылдарды сумен қамту жобаларын іске асыру мәселесіне де тоқталды.
"Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында осы бағыт бойынша жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Осы жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыс бойынша 32 жоба іске асырылуда, оларға 9,7 млрд теңге бөлінді", – дейді А.Мұхамбетов.Жалпы, облыста 520 ауыл болса, соның 292-сі немесе 56,2%-ы ауызсумен қамтылған. Қалған 228 ауыл орталықтандырылмаған көздерден алынған суды және тасымалданатын суды тұтынып отыр. Облыс әкімі 2021 жылдың соңына дейін 9,9 мың адам тұратын 19 ауыл ауызсуға қол жеткізетінін айтты.Бұдан соң жиында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы шағын несиемен қамту жұмыстары қорытындыланды."Осы жылы облыс бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін шағын несиелендіруге 1 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, жоспарға сәйкес 68 стартап жоба 172 құрылды. Оның ішінде 136 жоба ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге бағытталған, 339 жаңа жұмыс орны ашылды", – деп дерек келдірді аймақ басшысы.А.Мұхамбетов жиын соңында қала және аудан әкімдеріне тұрғын үйді пайдалануға беру, ауылдарды сумен қамту жобаларының қалтқысыз орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, жас мамандар мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға тарту үшін ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жүктеді.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓