Емтихан кейінге шегерілді
Қостанайдағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында «С» санатына практикалық емтихан тапсыру маусым айына дейін тоқтатылды. Өйткені қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының мамандандырылған автодромында жүк көлігі жоқ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалының балансында жүк автомобилі жоқ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, қызметтерді мердігер көрсетуі тиіс. Қазіргі уақытта, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау рәсімі өтуде. Шамамен, автодромда жүк көлігі маусым айының ортасында пайда болады. Сол кезде ғана практикалық емтихан тапсыру дереу қайта басталады. Осы жағдай туралы 8-747-405-54-59 телефоны арқылы тоық ақпарат алуға болады», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.