Алғыс арқалаған азамат

Өңірге белгілі ғалым, ұстаз, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып жақында 75 жасқа толды. Осы мерейтойға байланысты Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана оқырмандармен кездесу ұйымдастырды.
Іс­-шараға қоғам белсендісі Қ.Жақып қонақ болып қатысты. Оның дос-жаран, сыныптастары, әріптестері де келіп, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Қалқаман Хасенұлының өмірдерегі, еңбек жолы, атқарған қызметтері туралы мол мағлұматтар айтылды.
Қалқаман Жақыптың ыбырайтану іліміне қосқан үлесін ерекше әспеттеп айтуға әбден лайықты. Ы.Алтынсариннің өзі ашқан мектебінің кірпішін тауып, оны Қостанайдағы музейге жәдігер ретінде табыстаған да осы Қалқаман ағай болатын. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қарай облыста бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқара білді. Бүгінгі күні А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де еңбек ете отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде этносаралық татулықты, бірлікті сақтауға барынша үлес қосуда. Осы бағытта жүз елуден астам мақала жазып, ел бірлігі тақырыбында батыл көзқарастарын айта білді.
"Қазақстанда бір ғана ұлт бар. Сондай­-ақ, жүзден астам этностың өкілдері тұрады. Этнос өкілдері әртүрлі себептермен тарихи Отандарынан жырақтап, біздің жерімізге қоныстанды, қанат жайды. Олардың әр қайсысының ана тілдері, салт­-дәстүрлері бар. Әрқайсымыздың тіліміз бен түріміз әр алуан болса да біздің Отанымыз бір, ол ­ – тәуелсіз Қазақстан. Мінекей, осы себептен Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, елдегі келісім мен татулықты бірінші орынға қойды. Бүгінгі ұрпақ татулық ұғымының мәніне терең үңіліп, қадірін жете түсінсе екен, – дейді Қалқаман Жақып.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓