Ашура күніндегі қайырымдылық

Үстіміздегі жылғы 1 қазаннан бастап Ислам күнтізбезі бойынша мұхаррам айы басталды. Мұхаррам айының оныншы күні – Ашура күні. Бұл күндері адам баласы бір-біріне жылы шырай танытып, жақсылық жасаса, сауапқа ие болады.ашура
Мұндай шақта мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсеткен кісіге Алла Тағала оның сауабын еселеп береді.
Қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз, Алла оны күдіксіз біледі», – деп көрсетілгендей, бұл күндері күнкөрісі төмен кісілерге қайырымдылық таныту уәжіп.ашур
Осы мақсатта Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешіті демеушілердің қолдауымен мүгедектер, көп балалы аналар мен көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түліктер салынған пакет ұсынып, олардың ризашылығына бөленді.ашшура
Аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам Ашура күнінің қасиеті мен Ислам діні туралы киелі орынға келушілерге жан-жақты айтып берді. Оларға алдағы уақытта отбасына ырыс-береке тіледі.
Қақморлықты айқын сезінген бауырларымыз бұл шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.
 
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓