Велошеру, ағаш егу…
Қостанайда мәслихат депутаттары велошеру өткізді. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне арналды.
Велошеруге облыс мәслихатының депутаттары мен Қостанай, Тобыл қалаларының 65 депутаты қатысты.
Қостанай қаласының орталық алаңынан басталған велошеру 19 шақырымға жетіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауында (Гашек көшесінің бойында) аяқталды.
"Бұл іс-шараның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта өтуінің символдық мәні зор. Өйткені, азаттық бәрінен қымбат", – деп атап өтті Қостанай облысы мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов.
Жағалауда депутаттар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 11 велосипедті сыйға тартты. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағында 100 қарағай көшетін отырғызуға қатысты.
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ.