Өзгеріссіз қалды
Мектеп оқушылары үшін биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады.
«Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тиісті бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді» делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында.
Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.