ЮНЕСКО тізіміне қазақ күйі мен киіз үйі енді
ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитеті қазақтың дәстүрлі күй өнері мен киіз үйді жасау, құру өнерін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосты деп хабарлайды Today.Kz.

ЮНЕСКО киіз үй жасау, құру өнерін тізімге «қазақ және қырғыз киіз үйін жасау, құру өнері мен ол жайындағы дәстүрлі білім» деген атаумен енгізген.
Комитет бұдан өзге тізімге тағы да сегіз мұраны қосқан. Олардың арасында әлемнің бірнеше ұлтының ежелден қалыптасқан би, музыка өнері, киім және ас әзірлеу үлгілері тәрізді материалдық емес мәдени мұралар бар.
Мешіт Ғазиз