Облыс әкімі жастарды белсенді болуға шақырды

 Бүгін облыс әкімдігіндегі дүйсенбілік аппарат мәжілісінде өңір жастарының қоғамдағы белсенділігі сөз болды. Бұл туралы облыстық жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Кенеш Әлімжанов баяндамасын  жасады. Мәжілісте облыс әкімі Н.Садуақасов басқарма басшысының кейбір пікірімен келіспейтінін айтты.аким новый
Басқарма басшысы Кенеш Әлімжановтың айтуынша,  облысқа қарасты қалалар мен аудандарда 18 жастар орталығы бар. Соның алтауы – қоғамдық ұйым. Яғни аталған орталықтардың тұрақты қаржыландыру көзі жоқ.
-Жастардың ресурстық орталығын қажет болған жағдайда ғана ашу керек. Яғни, шығармашылық жастары мол, кадрлық мүмкіндігі жеткілікті, мағыналы ұсыныстар мен бастама көтеретін жерлерде ашқан жөн. Ондай орталықтардың барлық аудан-қалаларда болғаны міндет емес. Маңыздысы, қолынан іс келетін жастарды және жұмыс істеп жатқан орталықтарды қолдау керек. Бүгін бар, ал ертең жабылып қалатын жастар ұйымдарының қажеті шамалы,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
 
Қымбат Досжанова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓