“Сүйем сені, туған жер!”
Осындай атаумен А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында кішкентай оқырмандар арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті. Аталмыш шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қостанай облысының 85 жылдығына арналды.
Байқауға қатысқан кітапхананың жас оқырмандары Отанымызға арналған қазақ және орыс тілдерінде Мұқағали Мақатаев, Петр Черныш, Әбжан Ұлмекен және басқа да авторлардың өлеңдерін оқыды.
Ал, байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды Диляра Бағланқызы, екінші орынды Мұхамедәлі Арманбек, үшінші орынды Нұрай Әжіғалиева иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақмарал
Қоржымбаева.
Қостанай қаласы.