Мешітке көлік тарту етті

Бүгін, қасиетті жұма күні «Аққозы қажы» аудандық мешітінің жамағаты осындай қуанышты сәттің куәсі болды. Бұл шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып отыр.DSC_0353
Игілікті іске аудан басшысының қолдауымен, өңір ақсақалдарының бастамасымен «Олжа Арыстан-ПК» ЖШС-нің өңіраралық басшысы Нұрсұлтан Тұрсынов демеушілік жасады. «Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, жомарт азамат бұл сыйды Алла үйіне ұжымының атынан тарту етіп отыр.
Салтанатты рәсім, карантин талаптары сақтала отырып, мешіттің ауласының сыртында өтті. Аудан әкімі Амантай Балғарин шараға арнайы қатысып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
-Елімізде асыл дініміздің қанат жаюуы – Тұңғыш Президентіміздің кемеңгер, сарабдал саясатының жемісі. Міне, бүгін өңіріміздегі белгілі кәсіпкер Нұрсұлтан Тұрсынов Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес мешітімізге жаңа көлік алып беріп отыр. Бұл – үлкен көмек, қолдау. Мешітке, дінге деген жанашырлықты  тек сөзбен емес, осындай жарқын істермен жасауымыз керек. Демеушілік танытқан сізге және басшыларыңызға алғыс айтамын. Осындай сауапты іс көбейіп, мешітіміз көркейе берсін, – деді өз құттықтауында Амантай Кәкімбекұлы.DSC_0344
Кәсіпкер Нұрсұлтан Тұрарұлы да сөз сөйлеп, жаңа үлгідегі «Chevrolet Nexia 3» көлігінің кілтін бас имам Нұрбол қажы Балахметовке діни қызметі үшін табыс етті.04fb4098-f0fe-4fce-b92b-cf4f6c2b53b9
-Пайғамбарымыз хадисінде: «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін», -дейді. Өзім осы амалды ұстанамын. Бұл жарнама үшін жасалған дүние емес. Бірақ біз осы елге тілеулес азамат  ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық.Осы көлік Алла үйінің пайдасына, имамның игілігіне  жараса игі, – дейді демеуші кәсіпкер.d6b7b3ca-1635-4573-9354-d7f720b3d340
Рәсім соңында бас имам Нұрбол қажы Исламұлы қайырлы іске ұйытқы болған азаматтар мен атымтай жомарт жанға шексіз алғысын айтып, өңір ақсақалы Қаратай Кәкімұлы батасын берді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓