Жедел штаб жиыны

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Штаб отырысы барысында Рудный қаласының, Федоров және Науырзым аудандары әкімдерінің баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысы қаралды. Дерек бойынша, 2021 жыл-ғы 1 наурыз бен 28 сәуір аралығында 2 860 рейдтік іс-шара өтіп, 138 карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталған.
Одан кейін кәсіпкерлік және Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы "Ashyg" мобильді қосымшасы жобасын енгізу мәселесі бойынша мәлімет берді. Айта кетейік, "Ashyg" – QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Пайдалану тәсілін айтар болсақ, бұл пилоттық жобаға қатысатын бизнес субъектілеріне бару үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өту, бұдан әрі өз ЖСН-ін енгізу және одан кейін мекемеге кірген кезде QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін мобильді қосымшада келушілердің мәртебесі жасыл, көк, сары және қызыл түсті форматта көрсетіліп, сол арқылы адамның науқастармен байланыста болған-болмағаны немесе денсаулық жағдайы айқындалады:
"Ashyq" жобасы бизнес қызметін жаңарту алго-ритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді және облыс тұрғындарына енгізілген шектеулер кезеңінде объектілерге баруға жол ашады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓