Облыстағы Астана күндері басталды

Қостанай облысындағы Астананың мәдени күндері ресми түрде басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысқан басқосуда екі қаланың болашақтағы тығыз әріптестік байланысы сөз етілді.WhatsApp-Image-2018-06-18-at-6.33.35-PM-1
– Біз Астанамызбен мақтанамыз. Астананың тойы – барша халықтың тойы. Біз осынау мерекеге арнап 100-ден астам іс-шара тізімін бекіттік. Қазіргі уақытта бас қала мен Қостанай көптеген ортақ жобаларды жүзеге асырып келеді. Әлеуметтік-экономикалық салада болсын, Астанадан үйренеріміз көп. Ал, бүгінгі айтулы шара екі өңірдің достығын нығайта түседі. Солардың бірі – «Smart Astana» жобасы, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Өз кезегінде Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та Қостанай облысының жетістіктерін өзге өңірлерге үлгі етті.WhatsApp-Image-2018-06-18-at-6.33.35-PM-2
– Қазіргі таңда Астана тың бастамалар мен әлемдік іс-шаралар өтетін өркениеттің ордасы болып отыр. Біз Астананың 20 жылдығына орай осымен еліміздің алтыншы облысына атбасын тіреп отырмыз. Қостанай облысы мен Астана қаласының әріптестік байланысы бұдан әрі беки түсетініне сенімдімін, – деді Астана басшысының орынбасары. WhatsApp-Image-2018-06-18-at-6.33.35-PM-5
Мұнан соң өңіраралық әріптестікті дамытуды көздеген екіжақты меморандумға қол қою рәсімі басталды. Меморандумдарға кәсіпкерлік, ауылшаруашылық басқармалары мен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Astana Innovations» компаниясы мен Қостанай қалалық әкімдігі қатысты.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓