Белсенді қарттық өмірді ұзартады
"Мархабат" қоғамдық қоры облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша "Қарттардың денсаулығы"деген тақырыпта облыстық ардагерлер кеңесінің акт залында семинар өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты – қаламыздың егде тұрғындарының назарын өз денсаулығына аударту. Мамандар жиналғандарға кез келген адамның өзінің денсаулығы мықты болуы үшін ең алдымен салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы керектігін, ал белсенді қарттық өмір жасын ұзартатындығын ұмытпауы керектігін алға тартты. Ол үшін қарттыққа ерте мойынсұнбай, дәрігерге уақытылы әрі жиі қаралып, дұрыс тамақтану тәртібін де қадағалап, спортты серік ету қажет. Сонда ғана қарт кісілердің арасында белең алған созылмалы дерттердің алдын алуға болады. Сондай-ақ, қазіргі кезде заманауи технологиялар мен адамдардың көпшілігінің өмір сүру деңгейі де денсаулықты сақтауға, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қарлығаш
ОСПАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.