Ауылға су келіп, ағайын арқа-жарқа

п. Нефтебаза"Айналайын, "Ақбұлақ",
Ауылға келдің шапқылап".
Мемлекеттік "Ақбұлақ" бағдарлама-сымен ауылына ауыз су келген ағайынның бүгінгі айтар әні осындай. Халықты сапалы ауыз сумен қамтып, елдің алғысына кенеліп жатқан бағытты бағдарламаның бақытын көріп отырған тұрғындар Арқа-лық қаласында да көптеп саналады. Өт-кен жылы аталған бағдарлама арқылы қаланың күншығыс беткейіндегі "Терісақ-қан" бағытында орналасқан "Жалғызтал", "Целинный", "Молодежный", "Матросов" ауылдарына су жаңа су құбырлары тар-тылған болатын. Биыл да ел арасындағы сол жарқын қуаныштардың қатары есе-леніп, қала іргесіндегі 197 тұрғыны бар (49 аула) "Нефтебаза" поселкесінде тіршілік көзі жанданып сала берді.
"Нефтебаза" поселкесіне су құбырын тарту құжаты:
Тапсырыс беруші: Арқалық қаласы әкімдігінің "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы" бөлімі.
Жобалаушы: "Авангард" ЖШС (Жезқазған қаласы)
Мердігері: "Алюминқұрылыс" ЖШС (Арқалық қаласы).
Құбырдың тартылу қашықтығы: 5, 454 км.
Жалпы құны: 62,307 млн. теңге.
Аяқталу мерзімі: 1 қазан, 2014ж.
 Т. Данильчук "Су – тіршілік көзі". Тұрғындар көптен аңсаған тіршілік нәріне қол жеткізісімен күнделікті ұстап-тұтынуға қажетті заманауи тұрмыстық қондырғыларды үйлеріне көп-теп орнатып алған. "Автомат" кір жуғыш машинасы, "Аристон" су қайнатқышы, туа-лет, ванна, раковина бәрі-бәрі бір бөлме-ден ынтымақтаса орын тепкен. Үй ішіне су есептегіші орнатылып, тұтынушылар тұтынған қызметін осы құрылғы арқылы төлейтін болады.
– Ауылымызға су келіп мәре-сәре бо-лып жатырмыз. Несін айтасыз, су деген мол байлық қой. Қуанышымызда шек жоқ. Су келгесін тіршілігіміз мүлде жанданып сала берді. Бұрын қаладан тасымалдап, үйіміздің ауласындағы құдықтарға құй-ғызып, біраз қиындықтар көруші едік. Қазір соның бәрі бір күнгідей болмай артта қалып, тұрмыстың тек қана рахатын көріп отырмыз. 
 Судың келу қысымы жақсы. Тап-таза, мөп-мөлдір, тұп-тұщы суды тұрақты тұты-нып отырмыз. Әрине, "Судың да сұрауы бар" деген қанатты сөз есімізде. Сондық-тан қанша тұтынғанымызды біліп, тиісті орындармен уақытылы есеп айырысу үшін су есептегішін орнатып алдық. Тиісті орындардан мамандар келіп "пломбасын" салып кетті. Әлі төлеп көргеніміз жоқ. Себебі, судың келгеніне ай болған жоқ қой. Қанша болса да төлейміз. Өзіміз тұтынып, игілігін көргесін неге төлемеске? – дейді ауылына ауыз су келіп, қуаныштан арқа-жарқа болған "Нефтебаза" ауы-лының тұрғыны, жігіт ағасы Сырым Айтмағамбетов.
– Су келгесін тұрмысымыз жақсарып сала берді. Тұрмыстық техникаларды да көптеп қолданып, қолымызды жылы суға малып жатырмыз. Ыдыс-аяқты ыстық сумен жуатын болдық. Бұған дейін бәрі қол жетпес арман сияқты болатын. Тұрмыстық техникаларды еркін қолданып отырған қалалықтардың тіршілігіне қызыға қарайтынбыз. Енді, сол игіліктерге біздің де қолымыз жетті. Жақсы болғанда айтары жоқ. Ауыл тұрмысының ауыртпашы-лығынан көзіміздің ашылғанына ризашы-лығымыз шексіз. Елбасымызға, ел ағала-рына зор алғысымызды айтамыз, – дейді көп балалы жас ана Жанат Базарханқызы.
– Бәрі үйдің ішінде. Қала үйінен еш айырмашылығы жоқ. Ауылда тұрған ағайынның арқасынан ауыр жүк түсті де-ген осы. Бұрын бұлай болады деп кім ойлаған. Елдің жағдайы жақсарып жатыр. Арқалығымыз да көркейіп келеді.   Барлы-ғы да үкіметіміздің өміршең бағдарламала-рының нәтижесі ғой, – дейді поселктегі ағайындарымен жиі араласып тұратын, қала тұрғыны Қуандық Төсұлы ақсақал.
ГП-7 Генеральный планИә, айтса айтқандай, мемлекеттік бағ-дарламалардың Арқалыққа тигізіп жатқан көмегі айтарлықтай. Биыл шағын қалалар-ды өркендетуге арналған моно-қала бағдарламасы бойынша қала жанындағы "Новый" поселкесіне де жаңа су құбыры тартылды. Ондағы тіршілік те осы тектес. Поселкте 775 тұрғын (154 аула) тұрады.
 "Новый" поселкесіне су құбырын тарту құжаты:
Тапсырыс беруші: Арқалық қаласы әкімдігінің "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы" бөлімі.
Жобалаушы: "Авангард" ЖШС (Жезқазған қаласы)
Мердігері: "Алюминқұрылыс" ЖШС (Арқалық қаласы).
Құбырдың тартылу қашықты-ғы: 9,153 км.
Жалпы құны: 128,114 млн. теңге.
Аяқталу мерзімі: 1 қараша, 2014 ж.
Бүгінге текті аталған қос поселкте де су құбырын тарту жұмыстары аз-мұз жұмыстарын айтпағанда  толық аяқталды деп айтуға болады. Ел аңсаған су құбырлары тартылып, пайдалануға берілді. Тұрғындар жаппай су құбырын үйлеріне қос-тырып, есептегіштер қойдыру үстінде.
Алғыс арқалаған "Ақбұлақ" бағдарламасы Арқалық қаласын-дағы елді мекендерді суландыру үшін алдағы жылдарға да көптеп жоспарланып отыр. 
– Қазір біз қаланың бас жоспарының бекітілуін күтіп отырмыз. Бас жоспар жақында қалада қорғалып, облыстық басшылыққа (Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы) берілді. Енді ол облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, бекітілетін болады. Қаланың алдағы құрылымдық дамуы осы бас жоспарға тікелей байланысты, – дейді қалалық құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тамара Данильчук.
 Қаланың кешенді даму жоспарына сай сумен жабдықтау жүйесі бойынша алдағы уақытта қалаға қоңсы орналасқан "Дач-ный", "Западный" поселктері өз кезегін кү-тіп тұр. Сондай-ақ, қаланың кешенді даму жоспарында "Новый" поселкесінің сумен қамтылуының ІІІ (үшінші) кезеңін жүргізу көзделуде. Қаланың ескірген су құбырла-рын Ж. Базарханқызыжаңғырту жағдайы да кезек күттір-мейтін мәселе. Бұл төңіректе де "Ақбұлақ" бағдарламасына арқа сүйеуге тура келеді. Атап айтқанда: Ш.Жәнібек көшесі, Әуел-беков көшесінен Демченко көшесіне дейін, Маясова көшесі, Демченко көшесінен №2 мектепке дейін, Горбачев көшесі №35 үй-ден Демченко көшесіне дейін су құбыр-ларын алмастыру жұмыстары жоспарла-нуда. Қазіргі таңда қалаға тәулігіне 15 мың текше метр қуатпен су беретін жүйенің жобалық-сметалық құжатын дайындауға қазынадан қаржы қарастырылуда. Қала-ның су тазарту жүйесін жаңғырту, "Ақжар", "Северный" су қоймаларындағы су сор-ғыштарды (насос) жаңғырту шаралары да күн тәртібінде.
 Сондай-ақ, қаланың көпқабатты ақау-лы үйлері сырылып, орны тегістеліп жат-қан № 6,7,9 (алтыншы, жетінші, тоғызын-шы) мөлтекаудандарын тұрғын жайлар-мен қамту мәселесі де қаланың бас жоспарында қарастырылған. Әлбетте, ол жерлерде инженерлік жүйелер: су, кәріз жүйелері орналастырылады. Өстіп, ар-маны асқақ шағын қала таяу жылдарда дәуірлеу кезеңін бастан кешіп, көлемін қайта ұлғайтатын болады.
 Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
 
Суреттерде: Т.Данильчук, "Арқа-лық қаласы әкімдігінің құрылыс және қала құрылысы бөлімінің" басшысы Ж.Базарханқызы, "Нефтебаза" посел-кесінің тұрғыны.
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓