Екпе шараларын тексерді
Бүгін Архимед Мұхамбетов вакцинациялық іс-шаралардың өткізілуін бағалау мақсатында Қостанай қаласының №4 емханасына барды.
Бүгінгі таңда covid-19-ға қарсы вакцинация белсенді жүргізілуде.
Вакцинациялаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеттер жұмыс істейтін 31 медициналық ұйым (оның ішінде 5 жеке) жұмылдырылды. Медициналық ұйымдарда үлкен ұжымдар үшін көшпелі вакцинация бригадалары қарастырылған.
Вакцинацияны 93 стационарлық және жылжымалы егу пункттері жүргізеді. Вакцинация пункттерін 150-ге дейін кеңейту үшін резерв бар.
Адамдар көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу үшін емханалармен "Kostanay Рlaza" сауда-ойын-сауық орталығында, "City Kostanai" бизнес-орталығында, "Емшан" сауда орталығында, "Астықжан" супермаркетінде (Абай даңғылы 1Б), сондай-ақ Рудный қаласында "ОӘД" сауда орталығында жеке егу кабинеттері ашылды.
Бүгінгі таңда облысқа "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентінің 59 мың дозасы және екінші компонентінің 24 мың дозасы, сондай-ақ QazVac вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілді.
Бірінші компонентпен 42 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Екінші компонентті 10 мыңнан астам адам қабылдаған.