ҚЗЭ: 300 жоба мақұлданды
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының тізіміне жаңа қызмет түрлері қосылды. Ол 13 сәуірде күшіне енген жетінші өзгерістер пакетінде жазылған. Енді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдікті кредитті мынадай қызмет түрлері бар компаниялар ала алады: «Әк және құрылыс гипсін өндіру», «Тұз өндіру», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», «Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері».– Өзгерістердің жетінші пакетіне сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына операторлар ретінде лизингтік компаниялар енгізілді. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық несие корпорациясының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Бұл өзгерістер бизнестің пікірін және өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданды, – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 47,5 млрд теңгенің 300 жобасы мақұлданды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы 2018 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын. Оның негізгі міндеті – импорттық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауарларға ауыстыру. Қазіргі уақытта басым жобаларға кредит беруге арналған тауарлар тізбесіне 140-тан астам қызмет түрлері бойынша шамамен 1500 атау кіреді.