Алаң құны – 7 млн теңге
Рудный қаласында тағы 16 спорт-ойын алаңы салынады. Оған қала бюджетінен қаржы бөлінген. Бір алаңның құны – орта есеппен 7 млн теңге жуық.
Бүгінде кентте жалпы саны 340 алаңқайлы аула бар, бірақ олардың барлығында бірдей заманауи сопрт-ойын алаңы жоқ. Соңғы бес жылда атқарушы билік және меценаттар осы олқылықты түзетуге тырысуда. Бесжылдықта 30-дан астам алаң пайда болыпты. Оған жергілікті бюджеттің және жеке ұйымдардың қаржысы жұмсалған.
Осы мәселеге орай қала әкімдігінде өткен брифингте қала әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Әнуар Есқатов биыл жаңадан 16 алаң салынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Горняцкий және Қашар кенттерінде де бір-бірден алаң орнатылмақ. Оған қоса, Перцев ауылында көше жаттығу құралдары кешені салынады.