Күтімсіз жатқан жер жетім

Астықты өңірде жер телімдерін заңсыз пайдалану фактілері азаймай отыр. Мәселен, өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізу кезінде бос жатқан 222,2 мың гектар жер  анықталған. Бүгінгі таңда басқарма инспекторлары 13,2 мың гектар алқапта заң бұзушылықтарды жойды. Ал бұрынғы меншік иелері 3,2 мың га жайылымнан өз еркімен бас тартты. Қалған  205,9 мың га жер бақылауға алынды.IMG_5479
       Облыс әкімдігінің жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Әбдуовтің айтуынша, өткен жылы  басқарма барлығы 566 тексеру жүргізіпті. Нәтижесінде 325 заң бұзушылық анықталған.IMG_5445
        -Құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында басқарманың инспекторлық құрамы 2019 жылы 23,6 млн теңге айыппұл салған. Оның ішінде 20,1 млн теңге облыс бюджетіне өндіріп алынды. 1,0 млн теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін  жеке сот орындаушыларының палатасына жіберілді,- дейді басқарма бастығы.
         Басқарма бақылауындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 504,7 мың га жерді тексеру барысында  барлығы  320 мың гектар  алқап (58,4 мың. га егістік, 261,6 мың. га жайылым) мемлекеттік меншікке қайтарылды. Оның ішінде 115 мың гектар  алқап сот тәртібімен мәжбүрлі түрле алынды. 205 мың гектар жерді  пайдаланушылар шамасы келмегендіктен ерікті түрде бас тартқан. Бұл жер телімдері Жанкелдин, Жітіқара, Б.Майлин атындағы аудандарға тиесілі. 80,3 мың гектар жайылымдық жер тексеру жүргізілгеннен кейін тиісті мақсатқа пайдаланыла бастады. Яғни, қазір мұнда  шаруа қожалықтары 207 жылқы, 622 қара мал, 304 қой-ешкі өсіріп отыр.IMG_5461
          Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарма бастығына солтүстік өңірлердегі кәдеге аспай, қараусыз қалған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қадап тапсырды.
          -Оңтүстік аудандардағы жағдай түсінікті. Ол жақта топырақтың құнары аз, бал-бонитеті төмен. Солтүстік аудандардағы құйқалы жерлерді меншіктеп алғандармен күресті күшейту керек. Қазір бос жатқан жерлердің бәрі нақты мақсатқа жұмыс істеуі тиіс. Бүгіннен бастап  аудан, қала әкімдері және облыстық басқарма осы бағытта  жұмыс атқарғандары жөн,-деп атап өтті А.Мұхамбетов.IMG_5439
         Мамандардың пікірінше, өңірде бос жатқан алқаптардға (ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жер телімдері) жер салығының базалық ставкасын 10 есеге ұлғайту арқылы  облыс бюджетіне 225,4 млн.теңге салық төленген. Ал биыл жалпы көлемі 219,8 мың гектар жер телімі  мемлекеттік кірістер департаментіне берілді. Аймақ басшысы анықтағандай, меншік иелері қазынаға 38-39 млн теңге көлемінде салық төленуі тиіс.IMG_5465
       Облыс әкімі аудан,қала басшыларына жағдайды жіті бақылауға алу қажеттігін айтты.
     – Бұл жерде нақты әрекет қажет. Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей, жұмыс толыққанды жүргізілмеген. Әлі алда көп жұмыс тұр. Салынған айыппұлдар бойынша өндірілген қаражаттан бөлек, жеке сот орындаушыларының жұмысын қадағалап отыру қажет. Осы жағы кемшін,-деді өңір басшысы.
       Айтпақшы,  бұрынғыдай мораторий нормаларын бұзбай, яғни тексерусіз, бос жатқан   жерлерді зерттеу мен анықтауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингі жөніндегі пилоттық жобаға  қатысушылардың қатарына біздің облыс та енгізілді. Әзірге, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облысы  тәрізді пилоттық жобаға қатысушылар үшін ғарыш жүйелерінің көмегімен пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша іс-қимыл алгоритмі әзірленіп жатыр.
      Кеңесті қорытындылаған  облыс әкімі  ҚР жер қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жоюды тапсырды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓