ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР мен ӘРІПТЕСТЕР!
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында 2 егу пункті ұйымдастырылды, онда сіз COVID-19-ға қарсы вакцинацияны тегін қабылдай аласыз: "Спутник V" және "QazVac" вакцинасы.
Коронавирусқа қарсы Вакцинация үш апта аралықпен екі кезеңде жүргізіледі. Вакцинациялау алдында дене температурасын, сатурацияны, жүрек қағысын, артериялық қысымды өлшей отырып, дәрігердің сауалнамасы мен қадағалауынан міндетті түрде өту керек.
Препаратты енгізгеннен кейін дене алғашқы бірнеше күнде антиденелер шығара бастайды, дене температурасы көтерілуі мүмкін. Тұрақты иммунитет екінші вакцинациядан 21 күн өткен соң қалыптасады.
Қарсы көрсеткіштер:
* 18 жасқа дейін;
* жүктілік және лактация кезеңі;
* короновирустық инфекциямен ауырғандарды сауыққаннан кейін алты айдан соң егу ұсынылады.
Вакциналар біздің иммундық жүйемізді аурумен күресетін антиденелер деп аталатын ақуыздарды шығаруға бағыттайды. Вакцинацияланған адамдар инфекциядан және патогеннің одан әрі берілуінен қорғалады, бұл инфекцияның кез-келген түріне қарсы тұрады.
COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қауіпсіз қол жеткізу үшін халықтың көп бөлігін вакцинациялау қажет, бұл тез арада тарала алатын вирустың азаюын бастайды.
Ұжымдық иммунитетке қол жеткізудің бір жолы вакцинацияланбайтын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құрметті әріптестер мен студенттер, егу пункттері барлық керекпен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сай, сіз мына көрсетілген келесі мекен-жай бойынша вакцинациялаудан өте аласыз:
* Байтұрсынов көшесі, 47, медициналық орталықтың кабинеті,
* Абай көшесі, 28, медициналық орталықтың кабинеті.
Мұның бәрі сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз үшін жасалып жатқан қадам! Бір-бірімізге жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарай білейік.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!