Спорт – салауатты өмір кепілі
Облыс орталығында салауатты өмір салтын қалып-тастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша "Қостанайдың жас көшбасшылары" қоғамдық қоры "Біз обырға қарсымыз! Біз біріккенде ғана күшті бола аламыз!" деген ұранмен жеңілатлетикадан жарыс өткізді. Оған 12 мен 70 жас аралығындағы желаяқтар қатысты. Жарыс соңында қашықтық бойынша мәре сызығына жеткендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қарлығаш
ОСПАНОВА