Левит – үш дүркін чемпион

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, жерлесіміз Василий Левит Атырау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осымен үшінші рет мықтылығын дәлелдеді.448165Ерлер арасындағы былғары қолғап бәсекесінде Васяға тегеурін көрсетер спортшы табылған жоқ. 91 келі салмақ дәрежесіндегі Салауат Төлеубаев, Алексей Севостьян, Артем Пчеляковты сүріндірді. Ал финалдық сында ол Бекзат Нұрдәулетовті 5:0 есебімен ойсырата ұтып, қоржынына кезекті алтын медальді салды. Ол бұған дейін отандық чемпионатты 2009 және 2011 жылдары ұтқан еді.
Айта кетейік, Левит 2009, 2015 және 2017 жылдары Азия чемпионатында айдарынан жел есіп, алтыннан алқа тағынған. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓